07 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы №131

220 рет
көрсетілді
30 мин
оқу үшін
2015 жылғы 23 ақпан,  Астана қаласы Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне, сонымен бірге мерзімді баспа басылымдарына жолдануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.ШКОЛЬНИК. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі _________А. Мамытбеков 2015 жылғы 18 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі _________И.Тасмағамбетов. 2015 жылғы 30 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі _________Қ.Қасымов 2015 жылғы 4 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а _________Ж.Қасымбек 2015 жылғы 24 ақпан «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. _________М.Құсайынов 2015 жылғы 26 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы _________Н.Әбіқаев 2015 жылғы 11 наурыз Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығымен бекітілген Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану ҚАҒИДАСЫ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі заңдарына, Қазақстан Республикасының Экологиялық және Су кодекстеріне сәйкес әзірленді. 2. Қағида жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ теңізде жүргізілетін мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану тәртібін айқындайды. 3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ теңіздегі мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құруға, пайдалануға беруге және пайдалануға рұқсат - белгілі бір учаске шегінде өтініш берушіге оның жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ теңіздегі мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құруға, пайдалануға беруге және пайдалануға ниетін іске асыру құқығын беретін құзыретті органның рұқсаты; 3) жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші - жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) құру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартын жасаған жеке, заңды тұлға немесе бірлестік (консорциум), құрылып жатқан кеменің иесі; 4) қорғаныс саласындағы уәкілетті орган-қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары; 6) құзыретті орган - мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган; 7) мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 8) мердігер - теңіз құрылыстарын құру және оларды қолдану процесі кезінде техникалық алып жүру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы тартқан жеке немесе заңды тұлға; 9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 10) өтініш беруші - теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсатын алу үшін құзыретті органға өтініш беретін тұлға; 11) теңіз құрылыстарын пайдалану - теңіз құрылыстарын мақсаты бойынша пайдалану үшін техникалық шаралар жиынтығы; 12) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган - елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 13) теңіз құрылыстары - жасанды аралдарды, бөгеттерді, қондырғыларды, теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған жылжымайтын және жүзбелі жабдықты қоса алғанда, теңізде болатын қолдан жасалған құрылыстар; 14) теңіз құрылыстарын салу (құру) - теңіз құрылыстарының жаңаларын жобалау (тұрғызу) және (немесе) қолданыстағыларын өзгерту (конструкцияларды кеңейту және құрастырмаларын өзгерту) жөніндегі қызмет. Қағидада қолданылатын өзге ұғымдар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы заңындапайдаланылатын ұғымдарға сәйкес келеді. 2. Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану тәртібі Параграф 1. Теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану үшін рұқсаттарды алу 4. Өтініш беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ теңіздегі мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құруға, пайдалануға беруге және пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) алу үшін құзыретті органға: 1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушының немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс берушінің қолы қойылған рұқсат алуға өтінішті (бұдан әрі - өтініш); 2) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын жолдайды. 5. Өтініш беруші осы Қағиданың 4-тармағында көзделген мәліметтерді толық бермеген жағдайда, құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде өтінішті қарамастан кері қайтарады. Жетіспеген мәліметтер қоса берілген өтінішті қарау мерзімі құзыретті орган өтініш берушінің қайтадан берілген өтінішін алған сәттен бастап есептеледі. 6. Құзыретті орган мәлімет нысаны қоса берілген өтінішті алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде оларды қорғаныс, мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға жібереді, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз құрылысын көрсетілген географиялық координаталары ауданында салудың немесе орналастырудың мүмкіндігін немесе мүмкін еместігін келіседі. 7. Құзыретті орган осы Қағиданың 6-тармағында көзделген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде өтінішті қарап, рұқсат береді немесе оны беруден бас тартады. 8. Құзыретті орган осы Қағиданың 6-тармағында көзделген уәкілетті органдардың біреуінің теріс жауабы болса, сондай-ақ пайдаланушы немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші дәйексіз мәлiметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайда рұқсат беруден бас тартады. Ескертулерді (болған жағдайда) алып тастағаннан кейін рұқсатты алу осы Қағиданың 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. 9. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші қайта ұйымдастырылған және (немесе) атауы өзгерген жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алған сәттен бастап бір ай мерзім ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттардың көшірмесімесін қоса рұқсатты қайта ресімдеу туралы еркін түрде өтініш береді. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші тиісті өтінішін жолдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 6-тармағында қарастырылған шараны сақтамай-ақ рұқсатты қайта ресімдейді. Параграф 2. Теңіздегі мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарын жобалау 10. Теңіз құрылыстарын жобалау кезінде осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамалары сақталады. 11. Теңіз құрылыстарын жобалау жер қойнауын пайдаланушылардың (мердігерлердің) бастамасы бойынша және қаржысы есебінен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың шеңберінде жүзеге асырылады. Белгісіз тұлғалар шеңбері, сонымен бірге жер қойнауын пайдаланушылар қолдану үшін арналған теңіз құрылыстарын - жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) жобалау жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартсыз, азаматтық-құқықтық келісім негізінде жүзеге асырылады. 12. Салуға немесе орналастыруға жататын теңіз құрылысын орналастыру орнын таңдау теңіз құрылысын қауіпсіз салуды және пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында теңіз түбі учаскесіне толық геотехникалық зерделеу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады. 13. Теңіз құрылысын салуға арналған учаскені зерделеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) мыналарды жүзеге асырады: 1) құбыржолдардың, кәбілдің және басқа да объектілердің бар-жоғын зерттеу; 2) жоспарланып отырған қауіпсіздік дәрежесіне сәйкес теңіз құрылысын жобалау үшін қажетті теңіз түбінің жағдайы туралы инженерлік-геологиялық деректер; 3) теңіз құрылысын орналастыру орнын таңдауды қамтамасыз ету белгіленген, әсіресе кеме жайға кіреберістердегі белгіленген навигациялық жолдардан, сондай-ақ дәстүрлі балық аулау орындарынан, өсiмiн молайту, жайып семірту және балықтардың өріс аударуы үшін аса бағалы учаскелерінен және балық шаруашылығы үшін аса бағалы маңызы бар басқа су жануарларынан тыс жерде жүргізу. 14. Жұмыс жобалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен келісіледі, бекітіледі және мемлекеттік сараптамадан өтеді. 15. Теңіз құрылыстарын салуды немесе қайта жаңартуды жобалау алдында Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасына сәйкес инженерлік (инженерлік-гидрографиялық, геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық) ізденістер жүргізіледі. 16. Инженерлік ізденістер нәтижелері жұмыс жобаларында қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін және жұмыстарды жобалауды, қауіпсіз және сапалы жүргізуді ұйымдастыру үшін қолданылады. 17. Жобалау құжаттамасының құрамына мыналар кіреді: 1) қоршаған табиғи ортаның жай-күйін жобалау алдындағы (базалық) бағалау; 2) теңіз құрылысын салуға жоспарланған қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысы және құрылысты жобалау сатыларын ескере отырып, дәйекті түрде жүзеге асырылады; 3) ықтимал дағдарысты (авариялық) жағдайларды талдау, олардың алдын алу және жұмыс істейтін персонал мен теңізде мұнай операцияларын жүргізуге байланысты теңіз құрылыстарындағы авариялық (ықтимал дағдарысты) әсер ету аймағында тұратын тұрғындарды қорғау жөніндегі іс-шаралар; 4) келеңсіз салдардың алдын алу жөніндегі шараларды (табиғи экологиялық жүйелер мен биоресурстарды қоса алғандағы табиғат ресурстарының жойылуы, тозу, зақымдануы және таусылуы) қоса алғанда, табиғатты қорғау шараларының кешені бойынша ұсыныстары, ұңғыманы бақылауға алуы, су қоймаларының биоресурстарына жасалған зардаптарының орнын толтыруы; 5) өнеркәсіп қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік санитария және жұмыс істеуші персоналдың еңбегін қорғау, сондай-ақ теңіздегі авариялар мен олардың салдарын жоюға мамандандырылған өзге де ұйымдарды тарту мәселелері; 6) қағиданың 13-тармағына сәйкес теңіз құрылысын салуға арналған учаскені зерттеу нәтижелері. 18. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші теңіз құрылысын салуды (монтаждауды) және пайдалануды жүзеге асырғанға дейін халықты хабардар етуді және қоғамдық пікірді есепке алуды Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді. Параграф 3. Теңіз құрылыстарын салу (монтаждау) 19. Теңіз құрылыстарын салу (монтаждау) осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 20. Теңіз құрылыстарын салуды (монтаждауды) аяқтаған соң жер қойнауын пайдаланушы (мердігер), жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші, жүзбелі жабдықтың иесі (жүзбелі бұрғылау қондырғысының кемеұстаушысы) оларды Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасына сәйкес құзыретті орган құратын теңіз құрылыстарын пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсынуды қамтамасыз етеді. Келесі жүзбелі бұрғылау қондырғыларын монтаждау бойынша жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өкілінің қатысуымен, жер қойнауын пайдаланушы құрған комиссиямен жүзеге асырылады. 21. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу, сонымен бірге жүзбелі бұрғылау қондырғылары үшін жүзбелі жабдықты мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну: 1) жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші теңізге шығардың алдында, Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан алғашқы пайдалануға берілген кезде верфтердегі құрылысты бітірген соң бір рет; 2) жүзбелі жабдықтың иесі (жүзбелі бұрғылау қондырғысының кемеұстаушысы) немесе оған уәкілетті тұлға басқа мемлекеттер аймағында құрылған және шетел мемлекеттерінің кеме тізілімдерінде тіркелген теңіздегі белгіленген учаске (келісімшарт аймағы) шегінде монтажды бітірген соң алғашқы пайдалануға берілген кезде қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, Каспий теңізінің қазақстандық секторы шегінде жүзбелі жабдықтың (жүзбелі бұрғылау қондырғысының), сонымен бірге мемлекеттік қабылдау шарасынан өткізілген жүзбелі бұрғылау жабдықтың (жүзбелі бұрғылау қондырғысының) келесі пайдалану кезінде, орналасқан жерін ауыстыру (басқа жерге апару) жағдайында, осы тармаққа сәйкес Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы әрбір учаскесінде пайдалануға берілген кезде осы Қағиданың 20-тармағында қарастырылған қайта өткізу шарасын Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы сол күнтізбелік жылда кейінгі бұрғылау нүктелерінде қажет етілмейді. Жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға мемлекеттік қабылдау комиссиясының алғашқы қабылдаудан кейін келесі монтаждау және жүргізу бойынша жұмыстары Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 22. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) адамдардың қауіпсіздігіне қатар төндірмеу, кеменің жүзуіне немесе балық аулауға кедергі келтірмеу үшін теңіз құрылыстарына олардың теңіздегі орналасқан жері туралы ескерту жөніндегі тиісті құралдарды қамтамасыз етеді. 23. Теңіз құрылыстарының айналасында қауіпсіздік аймақтары белгіленіп, әрбір сырт шегі нүктесінен бес жүз метрден аспайтын қашықтықта созылып жатады. 24. Теңізде мұнай қоймаларын немесе резервуарларын салуға және пайдалануға, мұнайды тікелей теңіз құрылыстарынан танкермен тасымалдаған кезде мұнайды уақытша (жиырма күннен асырмай) сақтауды қоспағанда, теңіз құрылыстарында мұнай сақтауға және жинауға тыйым салынады. Параграф 4. Теңіз құрылыстарын пайдалану және қолдану 25. Теңіз құрылыстарын пайдалану мемлекеттік қабылдау комиссиясының тиісті объектіні (объектілерді) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес пайдалануға қабылдау туралы актісі болған жағдайда жүзеге асырылады. 26. Теңіз құрылысы пайдалануға берілгеннен кейін оны қолдану тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін техникалар мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 27. Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету, жару және өзге де жұмыстар жергілікті атқарушы органдар белгілеген аймақтар мен белдеулерді пайдалану режимін сақтай отырып жүзеге асырылады. 28. Теңіз құрылыстарын пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізудің ішкі тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану үдерісінде теңіз құрылыстарында дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайда жұмыс істейтін персонал мен теңіз құрылысының қолданылу аймағында тұратын тұрғындарды көшіру жоспарын әзірлейді және бекітеді. 29. Теңіз құрылыстарын пайдалану үдерісінде дағдарыста (авариялық) жағдайлар туындаған кезде авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ішкі тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады. 30. Теңіз құрылыстарын пайдалану үдерісінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайда көшіру жоспары Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады. 31. Теңіз құрылыстарын пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) оларды пайдалану үдерісінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісілген, теңіз құрылыстарын өрттен қорғауды қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді және бекітеді. Теңіз құрылыстарын өрттен қорғауды қамтамасыз ету тәртібі оларды пайдалану үдерісінде жыл сайын қайта келісіледі және қайта бекітіледі. 32. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің ішкі тәртібі, сондай-ақ теңіз құрылыстарын пайдалану үдерісінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайдағы көшіру жоспары жыл сайын қайта келісіледі және қайта бекітіледі. 33. Теңіз құрылыстарын пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) қоршаған табиғи ортаның жағдайын (экологиялық мониторинг) және жүргізілетін мұнай операцияларын ішкі (өндірістік) бақылауды жүзеге асырудың қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық органдарымен келісілген тәртібін әзірлейді және бекітеді. Қоршаған табиғи ортаның жағдайы мен жүргізілетін мұнай операцияларын ішкі (өндірістік) бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жыл сайын қайта келісуге және қайта бекітуге жатады. 34. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші: 1) көтеру және бекіту; 2) түсіру және бастапқы қорыту; 3) жүзу үстінде құрастыру; 4) сүйрету; 5) іске қосу және тік көтеру; 6) суға батыру; 7) тіректерді орнату; 8) монтаждаудан кейін тұтас құрылыстың құрылымдық беріктігі мен тұтастығы сияқты жұмыстарды жүргізу кезінде теңіздегі мұнай операциялары үшін пайдаланылатын құрылыстардың құрылымдық беріктігінің әлсіреуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды. 35. Теңіз операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын барлық теңіз құрылыстарының құрылымдық параметрлері жүйелі түрде тексерілуге және техникалық қызмет көрсетілуге жатады. 36. Бөгде кемелерге теңіз құрылысының қауіпсіздік аймақтары шегіне кіруге шек қойылады. Теңіздегі мұнай операцияларын қолдайтын теңіз және әуе кемелері қауіпсіздік үшін үнемі бортта болып жауап беретін теңіз құрылысының персоналын қауіпсіздік аймағына өзінің кіру және бұған теңіз құрылысының басшысынан тиісті рұқсат алу ниеті туралы хабардар етеді. 37. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) дәл координаталарды көрсете отырып, теңіз құрылысының орналасу орнын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері Басқолбасшының басқармасы мен таяудағы порттың басшылығына хабарлайды. 38. Мұнай мен газды барлауға және өндіруге арналған теңіз кемелері, оның ішінде жүзбелі бұрғылау қондырғылары теңізде жүзудің қауіпсіздік талаптарына сай келуі тиіс және Қазақстан Республиканың Үкіметі таныған біліктілік қоғамдарының бірінде куәландырылуға жатады. 39. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші жұмыстарды орындауға арналған жабдық пен техникалық құралдардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз етуші құралдардың, олардың бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігін белгілеу мақсатында оларды тексеру үшін Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарында белгіленген тәртіпте құзыретті орган мен уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларына теңіз құрылыстарына кедергісіз кіруін және тексеруді қажетті түсіндірулермен қамтамасыз етеді. 40. Теңіз құрылыстарын пайдаланудан шығару (жою) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Теңіз құрылыстарын пайдаланудан шығару (жою) туралы шешім құзыретті органмен келісіледі. 41. Теңіз құрылысын пайдаланудан шығару (жою) туралы шешімді құзыретті органмен келіскеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) теңіз құрылысын пайдаланудан шығару (жою) жөніндегі жұмысты көздейтін тарату жобасын әзірлейді және бекітеді. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) бекіткен теңіз құрылысын пайдаланудан шығаруға (жоюға) арналған тарату жобасы теңіз құрылысын пайдаланудан шығару (жою) жөніндегі жұмысты жүзеге асыруды бастауға рұқсат алу үшін негіз болып табылады. 42. Теңіз құрылысын пайдаланудан шығару (жою) жұмыстарын аяқтау мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері, жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалы мекеме өкілінің қатысуымен құзыретті орган құрған комиссиямен қаралады. 43. Теңіз құрылысын пайдаланудан шығару (жою) комиссияның оң ұсынымы негізінде жүзеге асырылады. 44. Теңіз құрылыстарын пайдаланудан шығару (жою) бойынша жұмысы аяқталғаннан және бұл туралы актіге қол қойғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен қоршаған табиғи ортаның жағдайын бағалауды орындайды. 45. Теңіз құрылысын пайдаланудан шығарғаннан (жойғаннан) кейін қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бағалау актісін қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдары Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасына сәйкес бекітеді. Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасына 1-қосымша Нысан Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi құруға, пайдалануға және қолдануға рұқсат Нөмірі: Берілген күні Берілген жері: _________________________________________________________________________________________берілді (жеке тұлғаның Т.А.Ә., заңды тұлғаның атауы) _______________________________________________________________________________________________ (теңіз құрылыстары, объектілері аумағының координаталары) _______________________________________________________________________________________________ (теңіз құрылысының, объектінің атауы (маркасы) _______________________________________________________________________________________________ (теңіз құрылыстарын, объектілерін салу мерзімі) _______________________________________________________________________________________________ (теңіз құрылыстарын, объектілерін пайдалану шарттары) Мемлекеттік уәкілетті органдардың келісуі: Басшы (уәкiлеттi тұлға): тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Электрондық-цифрлық қолтаңба Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасына 2-қосымша Нысан Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi құруға, пайдалануға және қолдануға рұқсат алуға өтініш (қайда) ________________________________________________________________________________________ (уәкiлеттi органның толық атауы) (кімнен) ______________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта) ______________________________________________________ (теңіз құрылысының, объектінің атауы (маркасы) _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (теңiз құрылыстарын салу немесе орналастыру бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыру қажеттілігінің себебі мен негіздемесі) _______________________________________________________________________________________________ (жоспарланған теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың сипаты, мерзімі мен орналасатын жері) _______________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________ (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі) Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ _________________ (қолы) (Т.А.Ә.) 20__ж. «___» ____________ Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасына 3-қосымша Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де Объектiлердi құруға, пайдалануға және қолдануға рұқсат алуға мәлімет нысаны 1. Теңіз құрылысын салу мақсаты, мәні мен негізі _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________. 2. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз құрылысының географиялық координаталарының негіздемесі: 1) ендігі _____________________________________________________________________________________; 2) ұзақтығы ___________________________________________________________________________________. 3. Теңіз құрылысын құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы болжанатын кеме және өзге де жүзу құралдары туралы ақпарат: 1) кеме және өзге де жүзу құралдарының саны_______________________________________________________; 2) кеме және өзге де жүзу құралдарының атауы ______________________________________________________. 4. Теңіз құрылысын құруды бастау және аяқтау күні ____________________________________________________. 5. Теңіз құрылысын пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат ____________________________________________________________. 6. Теңiз құрылысын салу немесе орналастыру кезіндегі жоспарланған іс-шаралар: 1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе тұрақты тазарту құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа да зиянды заттарды қабылдауға арналған құралдар жасауды қоса алғанда, қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту жөнінде ____________________________________________________________________________________________________________________________________; 2) теңіз құрылысында авариялық жағдайларды болдырмау және жою жөнінде ________________________________________________________________________________________________________________________________; 3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ балықтар және басқа да су жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде ________________________________________________________________. 7. Теңіз құрылысын болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды, жіберілетін сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10900 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024